«Астана Курылыс» ҰҚК» АҚ, он жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар компания, табысты қызмет етуін жалғастырып, осы таңға дейін үдемелі дамуда. Бүгінгі таңда «Астана Курылыс» ҰҚК» АҚ үздік құрылыс компанияларының тізімін басқарады және осының барлығы инновациялық технологияларды ретті түрде енгізу, кәсібиліктің жоғары деңгейі мен сапаның ЖОҒАРЫ сапаларына жауап беретін, алуан түрлі нысандарды пайдалануға жүйелі түрде сәтті тапсыра білудің арқасы.

Жалпы ақпарат

«Астана Курылыс» ҰҚК» АҚ 2001 жылдан бастап тиімді жұмыс істеп келеді, осы уақыт ішінде көптеген үйлер, ауруханалар, мектептер және өзге әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Мұндай жетістіктің себебі, «Астана Курылыс» ҰҚК» АҚ үшін құрылыс қарапайым қызмет саласы емес, даму мен гүлденуге бағдар алған өзімшіл, шығармашалық жобаларды құруға арналған кеңістік болып табылады.

«Астана Курылыс» ҰҚК» АҚ негізі қаланған сәттен бастап, жаңа әрі тиімді әдістер мен технологияларды іздеу мен енгізуді жалғастыра отырып, әлемдік құрылыс компаниялар тәжірибесін меңгеруде және істе қолдана білуде.

«Астана Курылыс» ҰҚК» АҚ «қол жетімді бағаға сапа» қағидасын басшылыққа ала отырып, Қазақстандықтарды сапаның, қолайлылықтың және сұлулықтың әлемдік стандарттары бойынша құрылған 250 000 шаршы метрден астам жоғары сапалы баспанамен қамтамасыз етті.

Бұдан өзге, «Астана Курылыс» ҰҚК» АҚ даярлықтың және құрылыстың барлық кезеңдерінде сапаны бақылауды жөн санап, құрылыс материалдарының, отандық өндірісін белсенді дамытуда.