Пайдалы кеңестер

Жалға алу шартын бекіту үшін қажетті құжаттар тізімі:

Жазу Орау

Заңды тұлғалар үшін:
1) Жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі, Жарғыға көшірме немесе Жалға алушының қолданыстағы мөрімен куәландырылған көшірме;
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе Жалға алушының қолданыстағы мөрімен куәландырылған көшірмесі;
3) салық органында есепке қойылуы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе Жалға алушының қолданыстағы мөрімен куәландырылған көшірмесі;
4) ҚҚС бойынша есепке қойылу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе Жалға алушының қолданыстағы мөрімен куәландырылған көшірмесі;
5) қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе Жалға алушының қолданыстағы мөрімен куәландырылған көшірмесі;
6) Бас директордың, бас бухгалтердің тағайындалуы туралы бұйрықтардың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе Жалға алушының қолданыстағы мөрімен куәландырылған көшірмесі;
7) бас директордың және бас бухгалтердің жеке басын куәландырушы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе Жалға алушының қолданыстағы мөрімен куәландырылған көшірме;
8) Жалға алушы атынан шартқа қол қоюшы тұлғаның өкілеттілігін растаушы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе құжат түпнұсқасы.
9) Жалға алушының банктік деректемелерін және Жалға алушының төлемдер үшін жауапты тұлғасының байланыс мәліметтері (ТАӘ, телефон, электронды поштасы) көрсетілген ресми хат.

Жеке кәсіпкерлер үшін:
1) Жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы;
2) Жеке куәлік көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы;
3) СТН көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы;
4) Үй кітапшасының кһшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы.

Жеке тұлғалар үшін:
1) Жеке куәлік көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы;
2) СТН көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы;
3) Үй кітапшасының көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы.

Мүлікке құқықтарды және олармен келісімдерді тіркеу туралы ақпарат:

Жазу Орау

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен келісімдерді мемлекеттік тіркеу– Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын мерзімдерде және тәртіпте құқық кадастрында мемлекеттік тіркеудің жылжымайтын мүліккке және өзге нысандарына құқықтарды тууын мемлекеттің мойындау және растауының міндетті процедурасы.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен келісімдерді тіркеу туралы» Заңы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті мекен жайы төменде көрсетілген Халыққа қызмет көрсету Орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы аумақтық әділет органдарымен көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқықтылығын айқындаушы құжаттың берілуі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі

1. Мемлекеттік тіркеу үшін Өтінім беруші (өтінім берушінің уәкілетті өкілі) ұсынады:
1) Өтінім берушінің жеке басын куәландырушы құжат және СТН куәлігі;
2) бекітілген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
3) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартының түпнұсқасы;
4) жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжатының түпнұсқасы;
5) Өтінім берушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландырушы құжат көшірмесі және СТН;
6) Өтінім берушіден өтінім берушінің уәкілетті өкіліне берілген сенімхат түпнұсқасы және көшірмесі;
7) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алымның төленуін растайтын құжат.

Аталған құжаттардан өзге тіркеу нысанына тәуелді ХҚКО өзге құжаттарды талап етуі мүмкін.
Заңды тұлғалар құрылтай құжаттарды ұсынады. Өтінім берушімен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен немесе құрылтай құжаттарымен қарастырылған жағдайларда, жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алуға немесе оқшаулауға құрылтайшылардың (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің) жиналыс хаттамаларын (олардан көшірмелер) ұсынады.

Шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар, шетелдік мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын, шетелдік заңды тұлғаның сауда тізілімінен заңдастырылған көшірмесін немесе өзге заңдастырылған құжатты ұсынады.

Егер тіркеуге берілген өтініште сатып алынатын немесе сатып алынатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасымен бекітілген көлемдерден асатындығы туралы мәліметтер болса, онда өтінім берушілерге монополияға қарсы органның алдын-ала жазбаша келісімі ұсынылады.

2. Құжаттарды тапсыру кезінде Тұтынушыға келесілерді көрсете отырып, оларды қабылдау туралы қолхат беріледі:

1) сұрауды қабылдау нөмірлері және күндері;
2) сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қосымшаланған құжаттардың саны және атаулары;
4) құжаттардың берілу күні, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты.

Меншік құқықтарының тууын тіркеуге:

• пәтерге алымның төлену күніне қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткіштен 50% көлемде алым төленеді;
• тұрғын үйде тұрғын емес жай — алымның төлену күніне қолданыстағы сегіз еселік айлық есептік көрсеткіш.

Жылжымайтын мүлік нысандарына техникалық төлқұжат — Құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті бірінші немесе екінші нысанның техникалық, сәйкестендірме сипаттамасынан тұратын, жылжымайтын мүліктің мемлекеттік техникалық тексеру нәтижелері бойынша құрылған, бекітілген нысандағы құжат.

Мемлекеттік қызметті көрсетеді:
1) Жылжымайтын мүлік орталығы;
2) ХҚКО арқылы жылжымайтын мүлік орталығы.

Қызметтердің көрсетілу мерзімдері

Жылжымайтын мүліктің техникалық сипаттамаларын анықтау жұмыстары мерзімдерде жүзеге асырылады:

• пәтерлер үшін 5 жұмыс күні ішінде;
• 500 шаршы метрге дейін ауданы бар жылжымайтын мүліктің қалған нысандары үшін – өтінім беруші жүгінген күннен бастап 1 ай ішінде;
• 500 шаршы метрден асатын ауданы бар нысандар үшін — 3 ай ішінде.

Мерзімді бұдан әрі ұзарту өтінім берушінің келісімі бойынша нысанның күрделілік категориясына тәуелді жүзеге асырылады, осыған қоса жалпы мерзім өтінім беруші жүгінген күннен бастап 5 айдан аспауы тиіс.
Қызметтердің көрсетілу тәртібі

Техникалық тексерудің жүргізілу тәртібі және мерзімдері Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2007 жылдың 24 тамызындағы №95 «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу Ережелерімен» анықталады.

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен келісімдерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсаттарында техникалық төлқұжат нысандары Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 24.08.2007 жылғы №235 бұйрығымен бекітілген.

Қажетті құжаттар тізімі

• Тұрғын және тұрғын емес қор жылжымайтын мүліктер нысандарына мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу үшін: алдыңғы техникалық төлқұжат (түпнұсқа), жер теліміне және құрылысқа құқықтылығын айқындаушы құжаттар көшірмелері, меншік иесінің жеке басын куәландырушы құжат, СТН;
• мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтерлер жоспарларын даярлау үшін: сатып алу-сату шарты, меншік иесінің жеке басын куәландырушы құжат, СТН.
• бағалау құнын анықтау үшін: құқықтылығын айқындаушы құжаттар көшірмелері,
• меншік иесінің жеке басын куәландырушы құжат, СТН.

Құжаттардың қабылдануы және берілуі тек меншік иесінің немесе сенімді тұлғаның жеке қатысуында ғана жүзеге асырылады.

АЛМАТЫ қаласындағы ХҚКО МЕКЕН ЖАЙЛАРЫ МЕН ТЕЛЕФОНДАРЫ:

1 Алматы ауданы ХҚКО
Алматы қаласы, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, ү. 221 378-09-10 378-09-09
қабылдау бөлімі

2 Бостандық ауданы ХҚКО
Алматы қаласы Алматы қаласы,
Ходжанов көшесі, ү. 9 249-69-04 248-17-77
қабылдау бөлімі

3 Жетісу ауданы ХҚКО
Алматы қ Алматы қаласы, Төле би көш.

Ү. 155 378-46-72 378-47-01
қабылдау бөлімі

4 Медеу ауданы ХҚКО
Алматы қаласы Алматы қаласы, Марков көш,
ү. 44 386-90-18 239-65-52
қабылдау бөлімі

5 Түркісіб ауданы ХҚКО
Алматы қаласы Алматы қаласы,
Зорге көшесі, ү. 9 234-09-27 234-09-35
қабылдау бөлімі

Мүлікті бағалау және нарықтық құнын анықтау үшін талап етілетін құжаттар тізімі:

Жазу Орау

(егер осы тізімде өзгесі көрсетілмесе, құжаттар көшірмелерде ұсынылады)

Төменде көрсетілген құжаттар соңғы болып табылмайды. Мүліктің түріне, оны меншікке сатып алу негізі және тәртібіне тәуелді мүлік құнын анықтау үшін қажетті өзге құжаттар талап етілуі мүмкін.

1. Пәтерді бағалау құжаттары:
• Сатып алу-сату шарты немесе өкілетті органда тіркелген, меншік құқығының тууының өзге негіздемесі;
• Жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына тіркелген құқықтар (ауыртпашылықтар) туралы анықтама;
• Пәтердің техникалық жоспары.

2. Болашақта меншікке түсетін мүлікті бағалау құжаттары:
• Келесіге сәйкес болашақта меншікке өтетін сатып алу-сатудың алдын ала жоспары;
• Мүлік сатауына, санына, құнына ие тізім;
• Бағалар сипаттамалары;
• Болашақта мүліктің сатып алынуын растайтын төлем құжаттары (болған жағдайда, көшірмесі).