Сұрақтар мен жауаптар

Монолитті үй құрылысының басымдылықтары: «Монолитті үй» дегеніміз не?

Жазу Орау

Негізгі ұстаным – барлығына аян: шегендеп бекіту және арматура орнатылады. Сосын құрылым бетонмен құйылады. Бұдан әрі шегендеп бекітілу үсті салынады, тағы да – арматура… және де үдеріс бірнеше мәрте қайталанады.

Құрылыс жұмыстарының орындалу сапасы бетон тобы, қызметкерлердің даярлық деңгейі деген сияқты факторлармен анықталады, шегендеп бекітудің өзі де біраз маңызға ие. Алдыңғы қатарлы қорама қалыпты өндірушілер өздерінің жоғары топтағы өнімін жеткізу құқығы үшін қазақстандық нарықта бәсекелеседі: монолиттік үйлердің барлық түрлері үшін қалқандық және туннельдік қорама қалыпты. Шетелдік конструкциялардың қазақстандық осыған ұқсастар алдындағы басымдылығы әзірше, өкінішке орай, айдан анық. Жылжымайтын мүліктің құнына осындай шетелдік материалдарды қолдану есебінен кейбір үстемелер жасауды монолиттік үйлердік кемшілігіне жатқызуға болады.

Қалқандық қорама қалып ғимараттарды кейбір стандартталған блоктардан жасай отырып, құрылыс жұмыстарын біршама жылдам ырғақта жүргізуге мүмкіндік береді. Туннельдік қорама қалып болса, сәулетшінің өз қиялын түзу сызықтармен шектемей, пішін және көлемдермен жұмыс жасай отырып, ең батыл эксперименталдық ойларын жүзеге асыруға көмектеседі. Әрине, бұл дегеніміз, осындай тәсілмен салынған монолитті үй «элиталы жылжымайтын мүлік» санатына жатқызылатындығын білдіреді.

«Тұтас» бетоннан салынған құрылыстардың 2 негізгі түрі бар: таза монолитті және құрама-монолитті. Екінші санаттағы монолитті үйдің басымдылықтары мұндай құрылыстың салмағы тұтас монолиттіге қарағанда айтарлықтай төмен, бұл іргетастың жеңілдетілген нұсқаларын қолдануға мүмкіндік беретіндігінде жатыр, және де, сәйкесінше — уақыт пен қаражатты да үнемдеуге мүмкіндік береді. Құрылыстың мұндай нұсқасында монолитті салмақ түсетін конструкциялар салынады, ал сыртқы қабырғалар басқа құрылыс материалдарынан – көбінесе – кірпіштен қалыптасады.

Монолитті үйлердің жетістіктері мен кемшіліктері туралы айта келіп, құрылыстың қызмет ету мерзімі сияқты маңызды тақырыпты тастап кетуге болмайды. Монолитті үйдің күмәнсіз басымдылығы кірпіштікпен салыстырғанда, оның біршама ұзақ пайдалану мерзімі — максималды жүз елуге қарсы кем дегенде екі жүз жыл.

Монолитті үй салудың тағы бір басымдылығы бөлмені дөрекі алғашқы әрлеме жасау қажеттілігінің жоқтығы болып табылады. Монолитті ғимараттардың қабырғалары, едендері және төбелері, ережеге сай, жеткілікті түрде тегіс және жатық беттерді байқатады. Алайда, панельдіктерге қарағанда монолитті үйлерде қабырғаларға алдын-ала салынған электр сымдары немесе дайын санитарлық блоктарды білдірмейді – барлық коммуникациялар құрылыс үдерісінде және одан кейінгі әрлеуде салынады.

Монолитті үйлердің кемшіліктері қызықтыратындар үшін тағы да аздаған ақпарат.

Сонымен, ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі – монолитті үйлердегі дыбыстар естілуі. Жаппай салмақ түсетін конструкцияның арқасында, ең жоғарғы қабаттағы тескіштің дыбысы еш кедергісіз ең төменгілерге дейін естіліп жататын болады. Сондықтан да, пәтерлердің 90 %-да жөндеу жүріп жатқан жаңа салынған монолитті үйде тұру – тұрғындардың жүйке жүйесінің беріктігіне салмақты сынақ. Егер көшіп-қонуды кейінге қалдыра тұру мүмкіндігі болса – оны пәтерлердің негізгі саны жабдықталып бітетін 2-3 айға ысыра тұрыңыз. Монолиттік үйлердегі тұрмыстық естілу (қабырғалар мен жабындардағы шулы жұмыстарды қоспағанда) – жоғары емес.

Монолитті үйлердің кемшіліктері мен жетістіктері талқыланатын құрылыстық форумдарда мұндай ғимараттардың (дем алмайтындығы» туралы ақпаратты жиі кездестіруге болады, алайда бұл әдістің дәрменсіздігі емес, алдымен инженерлік және сәулетшілік жаңсақтық болар. Дұрыс жобаланған желдеткіш жүйесі бұл мәселені толықтай алып тастайды емес пе.

Монолитті қабырғалар:

Жазу Орау

Бетоннан салынған монолитті қабырғаларды бүгінде құрылыста құлаштап қолданады. Монолитті қабырғаларды тұрғызу бетон өндірісіндегі инновациялық технологиялар, қорама қалыптың кеңейтілген типтері және монолитті құрылыс тәсілдерінің сан-алуандығының арқасында өзектіге айналды.

«Панель үйлердің» құрылысы бүгінгі күні өзекті емес, себебі зауытта бетон элементтерін өндіріп, ал құрылыс алаңында құрастыруды жүргізу экономикалық тұрғыдан пайдалы емес және алынған конструкция осыған ұқсас монолитті ғимараттан көрсеткіштерімен еш айырмасыз болып шығады. Сондай-ақ мамандар айтып кеткендей, нақты өлшемдері бар ертерек даярланған дайындамалардан өндірілетін панельдік құрылыс өзгелерден пішіні де, дизайны да басқаша құрылыстарды тұрғызуға мүмкіндік бермейді, бұл заманауи құрылыстың талаптарына жауап бермейді (тапсырыс берушілер бүгінде жартылай шеңбер пішіндерді немесе деңгейлік құламаны ұнатады). Дизайн тұрығысындағы кең мүмкіншіліктерді ашатын да, тіпті толқынтәріздес қабырғалар тудыруға мүмкіндік беретін де дәл осы монолитті қабырғалар.

Монолитті құрылыс ғимаратты биіктік бойымен салмақ түсетін қабырғалардың үйлесімін қажет етпейтін, үш өлшемді құрылым ретінде жұмыс жасайтын, белгілі бір бірегей блокқа айналдырады. Құрылыс бірегей жүйеге біріктірілген бейне бір ұяшықтардан тұратындай.

Монолитті аз қабатты үй қабырғаларын тұрғызу алынбайтын қорама қалыпты қолданумен немесе құрама қалқандық қорама қалып көмегімен жүргізіледі. Монолитті қабырғаларды салу сонымен бірге осы технологияның кейбір ерекшеліктерін білдіреді.

Біріншіден, қорама қалыптық жүйенің сапасына талаптар біршама жоғары. Сонымен, қалқандарды қолдануға рұқсат етілді, тек жақсылап қиюластырылған және бірегей конструкцияға тығыздап біріктірілген, және де ол кері жағынан алуан түрлі материалдардың тұтастырғыларымен күшейтілген. Олар металдардың тіркестері де, ағаштан жасалған қаптамалар да болуы мүмкін.

Монолитті қкбырғаларды салу кезінде, ережеге сай, қорама қалыпты бір қабырғаға ғана қояды, кейде, қабырғалардың бүкіл периметріне. Ұзындығы 2-4 м жәнебиіктігі 50-80 см қалқандар сұргіленген жіне бір-біріне нығыздап жапсырылған тақтайларды (қалыңдығы 30-40 мм) шегелейді және сыртынан 1-1,5 қадаммен қимасы 80?80 мм ағаш кесектерменжалғайды. Сондай-ақ сатылымда дайын қалқандар да бар. Қабырғаға қалқандарды анықтай отырып, оларды металдан жасалған тұтастырғылардың (екі жағынан шайбалар бұралған үзын бұрандамалар) көмегімен тұтастырады, қорама қалыпты алып тастағанда, тұтастырғыларды қағып тастайды, содан олар бұдан әрғы құрылыс үшін әлі де талай қолданылуы мүмкін. Берілген қалқандар үстінен не болмаса ағаш кесектермен бекиді, немесе сол баяғы металл тұтастырғылармен.

Монолитті бөгеттер мен монолитті қабырғалардың құрылысы түрліше жүргізіледі, бәрі де қалыңдық пен биіктікке, арматуралау деңгейіне, қорама қалып типіне, сондай-ақ бетон беру әдістері мен оны қоюлату тәсілдеріне байланысты. Ең кең таралғаны қабат-қабатпен бетондау болып табылады. Сонымен қатар монолитті қабырғалар биіктігі 30-дан 50 см-ге дейінгі қабаттармен бетондалады. Қатайту үшін сонымен қатар тереңдік вибраторларын қолданады.

Монолитті қабырға қалыңдығы жағынан қабат-қабат бетондала отырып, 10 см-ден кем болмауға тиіс. Беткі жақтардың сапасын жақсарту және бетонның шынымен де бірегей құрылымына қол жеткізу мақсатында дірілдетумен мұқият істелуге және бетон қоспасын беруде бір қалыптылық қажет. Сонымен бірге бетонды вибратормен тығыздай отырып, қорама қалыптың бөліктеріне жанасып кетуге жол беруге болмайды, себебі тербелістер бұрындары салынған қабаттарда бұзылуды тудыруы мүмкін.

Монолитті іргетас:

Жазу Орау

Құрылыста монолитті іргетас әмбебап болып саналады. Мұндай технология тегіс емес топырақта (құмды жастықтар, жертезекті саздарда) керемет сәйкес келеді. Монолитті іргетасты барлық қалған типтерден айрықшалайтын ең басты шарт – бетон плитасының болуы. Ол ережеге сай, қорама қалыппен бірге бір тұтас болып табылады.

Монолитті тип іргетасы жүктемелердің, әсіресе топырақтың отыруы салдарынан туатындар секілді ең әртүрлі түрлеріне жеткілікті беріктікке ие. Бұл беріктік осылайша, топыраққа түсетін қысымды азайтатын, тіреудің үлкен ауданымен қамтамасыз етіледі.

Монолитті тип іргетастары үшін сипатты болып табылады:

- көлемділік;

- шығыс материалдардың үлкен шығыны;

- еңбек сыйымдылығының жоғары көрсеткіштері;

- жер жұмыстарын жүргізу салдарынан құрылыстың ұлғайтылған мерзімдері.

Әрине, барлық жоғарыда аталғандарды басымдылықтарға жатқызу қиын. Алайда, бір жеткілікті қомақты жағы бар – барынша мол сенімділік. Және мұның монолитті іргетас пайдасына қомақты әрі сенім артуға болатын дәлел екендігіне келісіңіз.

Сонымен, іргетастың мұндай типі үшін арматуралық желі қажет. Оны екі қабат етіп төсейді, одан кем төсеуге болмайды. Осыған қоса, іргетас бөлігі (жоғары) біруақытта астыңғы қабат қызметін атқарады. Қолданылатын плитаның оңтайлы қалыңдығы 40 см, осыған қоса жер деңгейінен төмен шамамен 10 см орналасуы тиіс.

Монолитті іргетасты егер құрылыс құмды немесе құрғақ топырақта жүргізілсе, осыған қоса жер деңгейінен 50-60 см арақашық қадағалау үшін міндетті болып табылатын жағдайда ғана, тоңазу тереңдігінен жоғары төсеуге рұқсат етіледі.

Жолақтық монолитті іргетас та бар. Бұл іргетастың құрылысының технологиясы аса күрделі емес:

1. Құдық қазылады.

2. Құмды даярлық бойынша алдын ала жұмыстар орындалады.

3. Үй периметр бойынша суағар орнатылады, оның негізгі қызметі – жер астындағы сулардан жер төлеге.

4. Осыдан кейін бетон астына (бетонның жұқа қабаты) дұрысы 2 қабат, гидро оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

5. Бұдан әрі арматура кезегі (2 қабаты) және іргетас плитасының тікелей құйылуы. Плитадан шығып тұратын арматура қабырғалармен плитаны мықты байланыстырады.

6. Бетон жеткілікті қатқылданғанда каркасты арматурамен байланыстырады. Бұл процесс монолитті іргетасты құрылыстау үшін қажетті. Осыған қоса арматура өзектері арасындағы арақашықтық 30 см деңгейде болуы тиіс, артық болмауы тиіс (арматура қорама қалыпты да қамтуы тиіс).

7. Қорама қалыпты шығарамыз. Оны мұқият тазалайды, суға салады және қабырғаларының пішіні өзгермеуі үшін, тегістегіш балкалар немесе тартқыш бұрандалармен мықтап бекітіледі.

8. Монолитті іргетасты бетондау. Бетондарды әрқайсысы 15 см қабаттап құяды және күрек көмегімен тегістейді. Бетонды тегістеу бетіне су шықпайынша жалғасады. Және соңғысы үстіңгі беті тегіс болуы тиіс. Бұл үшін жиі жағдайда қорама қалыптың тақтайшалары бойынша орналасатын қарапайым қайрақ қолданылады.

9. Қорама қалыптың құрастырылуын бұзу процесі бетондау әлдеқашан аяқталған, ал бетон – кепкен кезде ғана мүмкін болады.

Монолитті іргетас:

- арматураланған (бір қабылдауда бетонды құю процесі);

- арматураланбаған (бірнеше рет үзілістермен бетон құю процесі, осыған қоса көлденең тігістер қалуы тиіс.

Кейде құрылыстан түсінікке ие емес адамдар монолитті және жинақ іргетас артықшылықтары туралы дауласады. Қайсысы жақсы және арзан? Бір қарағанда, жинақ іргетастар жинағы барынша қарапайым, жылдам, әрі арзан көрінеді. Шын мәнінде, жинақ іргетастар монолиттіге қарағанда шамамен бір жарым есеге қымбат. Бұл, ең алдымен, жинақ негіздемелер тек қолмен орындалатын, көптеген операциялардың орындалуын білдіреді.

Монлитті жұмыстар:

Жазу Орау

«Монолит» сөзінің тұтас, бөлінбейтін мағынасын беретіндігі ешкімге құпия емес. Біздің көпшілігіміз құрылысшылар темір бетонмен мұқият толтыратын, арнайы пішіндерді қолданатын үй құрылыстарын бірнеше рет бақылады. Дәл осындай технология монолитті құрылыстың құрылысын жүргізу кезінде қолданылады. Бұл құрылыс технологиясы бүгінгі таңда ең прогрессивті және келешегі мол технологиялардың бірі болып саналады.

Монолитті жұмыстарға қорама қалыптарды құюдың көптеген кезеңдерінен тұрады. Монолитті технологиясы «қорама қалып қондырғысы» деп аталынатын, пішін элементтерінің қолданылуы ретінде түсіндіріледі. Жиі жағдайда, қорама қалып қажетті пішіндер даярланатын, ең әртүрлі конфигурациялардағы жеткілікті мықты қалқандар ретінде ұсынылады. Қорама қалып қондырғысы көп рет қолдану үшін даярланады. Ережеге сай, монолитті құрылыс кезінде құрылыстың келесі кезеңіне белгілі бір құрастырылымның көшірілуін қамтамасыз ететін, гидравликалық машиналар қолданылады.

Құрылыстың бұл технологиясы қысқа мерзімдер ішінде жеткілікті арзан, монолитті темір бетон құрылыстары мен ғимараттарын тұрғызуға мүмкіндік береді.

Монолиттің басты артықшылығы болып есептелінеді:

Жазу Орау

- Құрылыстың аз мерзімдері. Тәжірибеге сүйенсек, қарапайым технологиялармен салыстырғанда монолитті құрылыс жұмыстар мерзімдерін үш, кейде төрт есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді;

– Құрылысқа кететін шығындардың барынша қысқартылуы —монолитті жұмыстардың салыстырмалы жоғары емес құны;

– Монолитті технологиясы жылу үнемдеу және дыбыс өткізгіштігінің шын мәнінде бірегей көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді;

– Құрылыстың бұл технологиясы таза әрлеуге құрылыстың қосымша даярлығын талап етпейді;

– Монолитті құрылыс құрастырылымның жалпы салмағын орташа 15-20%-ға азайтады (бұл жағдайда салыстыру кірпіш құрылыстарымен жүргізіледі);

– Монолитті технология құрылыстың мол беріктігін қамтамасыз етеді. Монолитті жарықтарға ие емес;

– Бұл технологияны қолдану кезінде құрылыс техникасына деген қажеттілік барынша азайтылады;

– Монолитті құрылыс ауқымды сәулет мүмкіндіктерін ұсынады;

– Монолитті құрылыстар қаптама материалдарынан әрлеуді қолдануға мүмкіндік береді. Қаптама ретінде табиғи секілді, жасанды тасты қолдануға болады.

Соңғы уақытта қайта құрылыстанған ғимараттар мен құрылыстардың сапасы мен дизайнына қойылатын талаптар өскен. Дәл сондықтан, бүгінгі таңда монолитті жұмыстар ең заманауи және сенімді технологиялар қатарынан құрметті орынның бірін иеленді.